Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп тарихы

Автор: admin от 16-01-2024, 20:17, посмотрело: 425

0 ТАРИХ ХАЛЫҚТЫҢ ӨТКЕНІ, БҮГІНІ ЖӘНЕ КЕЛЕШЕГІ
Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ, ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа берілуге тиіс.
Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Республикасының Президенті
«Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласынан


Ұлы Абай “Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан” болады деген! Бұл тұрғыда, әсіресе ұстаздар қауымына артылар сенім, жауапкершілік жүгі жеңіл болмаса керек!
“Ұлағат-ұстаздан” дейді халқымыз."Шәкіртсіз-ұстаз тұл” екенін де алғаусыз алға тартады. Қалай аталса да, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздар қауымының атқарар қызметіде, қоғамдағы алатын орны да ерекше.
Тәуелсіздік алғаннан бері ауқымды өзгерістер кезеңі білім беру жүйесін жаңартып, оның құрылымын, мазмұнын жетілдіруге, білім негізі саналатын-мектеп үшін сапалы білім мен саналы тәрбиеге ерекше талап қоюда.”Мектеп-кеме, білім-теңіз” екенін өмірдің өзі дәлелдеп отыр. Қаншама жылдар ішінде өзі ұшырған түлектерінің еңбек нәтижелері бүгінде мектеп ұжымының жарқын мысалы.
“Н.Оңдасыноватындағы №14 жалпы білім беретін мектеп”коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы;
Аймақтарда білім алуға деген сұраныстың өсуі, жергілікті үй өкілдерінің арасында мұғалім кадрларының жетіспеушілігі де, халық ағарту ісінде кезінде болды. Жаңа сапалық деңгейге көтеру қажеттілігі т.б жыл санап шешілуі тиіс өзекті мәселенің біріне айналды.
Алғашқыда ауылымызда 1940 жылы Ұлы Отан соғысының тұсында 7 жылдық орыс-қазақ Ворошилов атындағы орта мектебі ашылды. Ауыр жағдайға қарамастан білім алушылар саны күн сайын арттып отырған. Бүгінгі қоғамымызда өз орны бар, көптеген ғалымдардың, елге танымал өнер, мәдениет, қоғам қайраткерлері білім алған қара шаңырағы. Мектептің алғашқы басшысы 1952жылы Манашов Қоныс мырза болған. 1952-1971 жылдар аралығында Егенов Дүйсен, Абдрайымов Сапарбек, Оразханов Тұрымтай, Сахов Нұрымбет, Әбішев Жұпарбек, Божымбетов Ережеп, Есжанов Орынбек, Артықбаев Болатбек, Сейдуллаев Насырхан басшылық жасаған. 1958 жылы 8 жылдық орта мектеп болған. 1960жылы 10 жылдық «Қазақ ССР-інің 40 жылдығы» атындағы орта мектебі болған. Осы уақытқа дейін Әминова Гаухар, Байтелиев Меңлібек, орыс тілінен Валентина Яковлева, Люция Оттовна, Ахметова Ханзада, Ағманова Қасиет, Тамырбаева Назира. Неміс тілінен В.Гофман. Бастауыш сынып Маханов Көшкінбек, Бекжанов Лесбек, Ахметов Ноғай, Шермитова Буман, Садықова Жібек, Әбиева Салима, Рысбаева Жұмагүл, Ибрагимова Қатира,Тамырбаева Бибіжамал, Бейімбетова Сапаркүл, Рапишева Ұлтай, Шаменова Айхан. Ән-күй пәнінен Маханов Жұбайхан. Қазақ тілінен Есжанов Оразкелді, Жақсылықова Гүлістан, Абдуллаева Дүйсенкүл. Физикадан Қалтаев Шайық, Мақұлбекова Бейбігүл, Төлепов Асан. Математикадан Бекболатова Сұлу, Әбиев Дүйсенбек. Тарих пәнінен Дауренбекова Сара, Ботабекова Әсия ұстаздар сабақ берген. 1967-1971жыл аралығында Сәтенбеков Әлжан,1971-1973жыл Мұратов Нұрман мырзалар директор болған. Мектептің ғимараты ескіруіне байланысты 1978 жылы мемлекеттік қазынадан қаржыландырылып салынған мектепте жыл санап оқушылар артта түсті. 1973-1980жыл Мергенбаев Тоймаханбет, 1980-1984жыл Сыздықов Хайрулла, 1984-1985жыл Мергенбаев Тоймаханбет, 1985-1990жыл Ағайдаров Райымқұл мырзалар директор болған. 1993 жылдан бастап мектепке ұжымы және неміс тілі пәні мұғалімі Әлімбеков Мұңайтпастың ұсынысымен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Оңдасынов Нұртас Дәндібайұлы есімі берілді.1990-1998жылдар Сәтенбеков Әлтөре, 1998-2000жылдар Әлімбеков Мұңайтпас, 2000-2004жылдар Тәкенова Сауле, 2004-2007жылдар Сауырбаева Гүлмира,2007-2016жылдар Мақұлбеков Мыңбосын, 2016-2023жылдар Асқаров Сәрсенбек, 2023жылы 31 тамыздан бастап Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы мектепте басқарушылық қызмет атқаруда.
Республикамыздың, облысымыздың, ауданымыздың басшы орындарында еңбек еткен, еңбегімен ел мүдесіне үлес қосып жүрген түлектер әрқашан да қарашаңырақты ұшқан ұясы ретінде құрмет тұтады. Оқу орны түлектері өмірдің сан саласында ел игілігіне қызметте жүргені мектебімізде алған білім, өмірге деген құлшыныстарының жалғасы іспеттес. Еліміздің тәуелсіздік алуымен байланысты әлемдік білім беру кеңістігіне шығуымыз білім беру жүйесіне де жаңа өзгерістер мен жаңалықтар ала келді. Халық санының көбейуіне байланысты, сыныптағы оқушылардың сыйымдылығын ескеріп 2022 жылы қосымша 150 орындық ғимарат салынды.
Білім беру бағытындағы жұмыстарын одан әрі жетілдіру, білікті тәжірбиелі ұстаздарымыздың арқасында оқу әдістемелік жұмыстарын насихаттау, тарату мақсатында газеттермен журналдардаға шыққан қаншама жұмыстар тарих қойнауына енуде. Атап айтатын болсақ ардагер бейнетің зейнетін көріп жүрген ұстаздар:Датқабаева Ұлжалғас, Ырсымбетова Гүлнар, Омарбекова Шарипа, Әбілхайыров Ильичбай, Абжалиев Тұрсынбай, Есимова Сапаш, Мауленова Рашида, Ахметова Аққыз, Муталиева Мөлдір, Мұсырманқұлова Гүлзира.
Бүгінде мектеп-қазіргі заманғы оқу орны, негізгі мақсаты: мектептегі педагогикалық процестің қызмет етумен дамуының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкес келуіне қол жеткізу, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, қызығушылықтарын, білім алу мүмкіндіктерін, денсаулық жағдайын ескере отырып білім беру процесін одан әрі жетілдіру.
«Тарихты білмей – келешекті болжау қиын»-деген Әл-Фараби бабамыз.
Туған елдің шаңырағы биік, керегісі мығым болуы-Қазақстандықтардың рухани ынтымақтастығында екендігін жауапкершілікпен ұғынған ұжым Президент жолдауын жүзеге асыратын білім оқу-тәрбие саласында абыройлы істің ұйытқысы бола бермек.


«Н.Оңдасынов атындағы
№14жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
директоры С.Т.Шаулиева













Категория: Мектеп

 

Мектеп жетістіктері

Автор: admin от 16-01-2024, 04:42, посмотрело: 9

0

     Түркістан облысының білім басқармасының «Жетісай ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Н.Оңдасынов атындағы  №14жалпы білім беретін мектеп» КММ оқу-тәрбие процесі бойынша 2023-2024 оқу жылының І жартыжылдық бойынша алынған өнімнің маңыздылығына назар аударсаңыздар.

     Ұлы Абай "Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата-ана, жақсы ұстаздан, жақсы құрбыдан” болады деген! Бұл тұрғыда, әсіресе ұстаздар қауымына артылар сенім, жауапкершілік жүгі жеңіл болмаса керек!

 

"Ұлағат-ұстаздан” дейді халқымыз."Шәкіртсіз-ұстаз тұл” екенін де алғаусыз алға тартады. Қалай аталса да, ұрпақ тәрбиесінде ұстаздар қауымының атқарар қызметіде, қоғамдағы алатын орны да ерекше.

Категория: Мектеп

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 16-01-2024, 04:13, посмотрело: 14

0

ӨМІРДЕРЕК

 

Мектеп директоры

 

 Шаулиева Сапаргүл Тұрлыбекқызы , 1971 жылы 02-сәуірде  Оңтүстік Қазақстан облысы, Келес ауданы  Бірлік елді мекенінде ұстаздар отбасында дүниеге келдім. Әкем-Шаулиев Тұрлыбек –физика-математика пәнінің мұғалімі болған. Анам –Айдосова Қанзада – үй бикесі болған

1976жылы Бірлік елді мекеніндегі «Ә.Жангелдин атындағы №30 жалпы білім беретін мектеп» КММ-не 1-ші сыныпқа қабылданып, 1987жылы аталған мектепті бітіріп шықтым.

1988 жылы Жетісай педагогикалық  училищесінің түсіп 1990 жылы «Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеші» біліктілігін алып шықтым.

1990 жылы «Абай» атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің  «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» факультетіне түсіп 1995 жылы «Бастауыш кластар мұғалімі» мамандығы бойынша білім алдым. Сол жылдар аралығында оқумен қатар  Алматы облысы Талғар ауданындағы  №18 Н. Крупская атындағы мектепте  тәлімгер болып ұстаздық қызметті бастадым.

Қоныс аударуыма байланысты Жетісай ауданындағы М.Мәметова, М.Горький  мектептерінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқардым .

2002-2010 жылдар аралығында колледж жанынан ашылған мектеп-гимназияда бастауыш сынып мұғалімі және колледжде педагогика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқардым.

2010 жылы 10 қазаннан бастап Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінің  оқу, ғылыми- инновация жөніндегідиректордың орынбасары қызметіне тағайындалдым.

2012жылы Білім беру саласындағы  ерекше еңбегім үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен  марапатталдым.

2016-2023 жылдар аралығында Түркістан облысы Жетісай ауданы , Жылы-су елді мекеніндегі «І.Жансүгіров атындағы №30  жалпы орта мектеп» КММ-нің директоры қызметін атқардым.

2023жылдың 31 тамыздан бастап ауысу тәртібімен  Жетісай ауданы.Қазыбек би елді мекеніндегі  «Н.Оңдасынов атындағы№14 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің директоры қызметін атқарып келемін.

Жоғары санатты ұстаз, қазіргі таңда  басшы-менеджер, педагог зерттеуші. 33 жылдық педагогикалық  өтілімі бар ұстазбын.

Жолдасым-Сахов Дамир Абсенович 1971жылы туылған. Д.Қонаев атындағы ІТ мектеп-гимназияда дене шынықтыру пәнінің мұғалімі.

 Үш ұлдарымыз бар.  Үлкен ұлым Әбсенов Бақберген Дамирұлы 1993жылғы аудан әкімдігі аппаратында. Ортаншы ұлым Әбсенов Ерлан Дамирұлы 1997жылы туылған  Астана қаласында РОВД қызметкері.  Кіші ұлым Әбсен Нұрдәулет 2005 жылы туылған, қазіргі таңда Мед Академияда студент.

Екі келінім бар Әсел мен Гүлбану атты.

Немерелерім: Бекнұр,Даяна,Әлиасқар, Нұрдана, Әлихан.

Қазақта «Ана-бір қолымен әлемді тербетеді, бір қолымен бесікті тербетеді» демекші елімде ана болумен қатар ұстаздық қызметті қатар атқарып келемін.

 

Категория: Әкімшілік